Оқу құралы. — Алматы: Нұр-пресс, 2008. — 132 б.
Графикалық компьютерлік модельдеу — дербес компьютерлерді пайдаланудың кеңінен тараған бағыттарының бірі. Графикалық компьютерлік модельдеудің қолданылуы аясы өте кең. Ол мультимедиялық программалар, теледидар жарнамаларын, киноның арнайы эффектілерін құрудан бастап машина құрылымын компьютерлермен жобалау мен іргелі оңды зерттеулерді қамтиды.
Оқу құралының мақсаты, студенттердi дербес компютерде жоғары дәрежеде жұмыс iстеудi үйрету, қазiргi кездегi көптеген қолданбалы бағдарламалардың жүйесiн пайдалана бiлу мүмкiндiгiн қалыптастыру және алған бiлiмдерi мен тәжiрбиелерiн болашақта кәсiптiк қызыметтерiнде дұрыс пайдалана бiлу, мәлiметтердi өңдеуде компьютерлік графиканың мүмкiндiктерiн жоғарлату. Оқулық бес бөлiмнен тұрады 1-шi Графикалық компьютерлік модельдеуді оқытудың негізгі мақсаттары және Word редакторында графиктерді пайдалану, 2-шi Excel-дің графиктік мүмкіндіктері, 3-ші Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер, 4-ші Компьютерлерді желілілерге біріктіру және Гиппермәтінді белгілеу HTML тілі, 5-ші Білімді тексеру тестік сұрақтар.
Оқулық жалпы компьютерлік білімді арттыруға және компьютердің көмегімен кез-келген графиканы орындап, үйренуге мүмкіндік береді.