Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Мәжитов С.Ф. (бас ред.) Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Том 5

  • Файл формата pdf
  • размером 30,98 МБ
  • Добавлен пользователем
  • Описание отредактировано
Алматы: Атамұра, 2010. — 688 б.
5-том 1985 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына арналған. Мүнда Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері кең ауқымда қарастырылды.
Тәуелсіздік шаңырағын көтерген Қазақстан халқы өзін нұрлы болашаққа бастауды тұңғыш Президентіне сеніп тапсырды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың ресми сөздерінде баяндалған стратегиялар бүгінгі тандағы казақстандык қоғамды жаңғыртып, түлетудің және еліміздің жаңа дүние жағдайындағы мемлекеттілігін нығайтудың негізіне алынды.
Жаңа қоғамның құрылысын қалыптастыру жолындағы оқиғалардың кең ауқымдылығы, жедел өркендеп келе жатқан Қазақстан тарихының басты ерекшелігі болып табылады. Мұндай жағдай бірқатар басқа елдерден өзгеше түрде тек саяси жаңғыртуды ғана жүзеге асырып қоймай, сонымен бірге, ең алдымен, экономикалық жаңғыртуды қатар жүзеге асыруына байланысты туындады.
Кітап мазмұны кең ауқымдағы дереккөзге негізделді. Онда отандық және шетелдік мұрағаттардан алынған жаңа деректер мен мәліметтер, құжаттық жинақтар және статистикалық есептер мен бұрын жабық болып келген мұрағат қорлары кеңінен пайдаланылды.
Белгілі бір мөселелердің мөнін ашу кезінде олардың жалпы зерделену дәрежесі, тақырыпқа қалам тартушы авторлардың Қазақстанның қазіргі заман тарихы жөніндегі іргелі, қолданбалы жөне монографиялық зерттеулерінің баржоғы ескерілді.
Кітап кестелер, суреттер, карталар, ғылыми аппарат, көрсеткіштермен жабдықталған. Басылым қоғамтанушыларға, жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздарына, студенттерге, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасының тарихына ден қоюшыларға арналған.
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация